Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Ғарифолла Есім

Ғарифолла Есім

Рейтинг: 3.500
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Есім Ғарифолла 1947 ж. туған. Ғалым, философия ғылымының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1995).

1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген.

1974-1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

1977-1991 Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркемсурет-графика факультетінің деканы;

1991-1992 Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері;

1992-1998 Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған.

1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі.

2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

Көп оқылғандар