Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Оноре де Бальзак

Оноре де Бальзак

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Оноре де Бальзак (Balzac) (20.5.1799 - 18.8.1850, Париж) — француз жазушысы. Париж заң мектебін бітірген (1819) әрі Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған. Алғашқы жарық көрген шығармасы — “Кромвель” трагедиясы (1920). Бальзактың есімі “Шуандар” (1829) атты тарихи романымен белгілі болды. Бальзактың тоқсан шығармасы енген “Адам комедиясы” адамгершілік этюдтері, философиялық, аналитикалық этюдтер болып үш топқа бөлінеді. “Адам комедиясы” — француз қоғамын шынайы бейнелеген көркем ірі туындылар жинағы. 1. Адамгершілік этюдтер тобының негізгі шығармалары — “Гобсек” (1830), “Отыздардағы әйел” (1831), “Горио атай” (1934 — 35), “Евгения Гранде” (1833), “Беатриса” (1839), “Кәрі қыз” (1836), “Бойдақтың өмірі” (1841), т.б. 2) Философиялық этюдтер тобының негізгі шығармалары — “Жендет” (1830), “Шегірен былғары” (1830 — 1831), “Көп жасаудың құпиясы” (1930), “Қызыл қонақүй” (1931), “Серафита” (1839), т.б. 3) Аналитикалық этюдтер тобының негізгі шығармалары—Неке физиологиясы” (1829), “Отбасы өміріндегі ұсақ-түйек керістер” (1845 — 1846), т.б. “Адам комедиясында” тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғырды. Бальзак шығармалары 19 ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдісі жиынтық формада (гуманизм, ағартушылық идеясы, готикалық роман, романтикалық мектеп, т.б.) көрініс берді. Бальзактың шығармаларын Ф.Жиро, В.Гюго, Ж. Санд, Ф.М. Достоевский, М. Әуезов жоғары бағалады. “Шегірен былғары” романы, “Горио атай” повесі (1984, 1985, 1987), “Памэла Жиро” (1938) пьесасы қазақ тіліне аударылған.

Көп оқылғандар