Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Александр Беляев

Александр Беляев

Рейтинг: 4.750
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Александр Романович Беляев (1884 жылдың 4 немесе 16 наурызында дүниеге келіп, 1942 жылдың 6 қаңтарында дүниеден өткен) — кеңестік ғылыми-фантастикалық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, кеңестік жазушы-фантаст. Оның танымал романдары арасынан: «Доуэл профессордың басы», «Адам-балық», «Ариэль», «КЭЦ жұлдызы» және т.б. (барлығы 70-тен астам ғылыми-фантастикалық шығармалар, оның ішінде 13 роман). Кейде оны ресейлік «Жюль Верн» деп атайды.

А. Беляев өзінің ісіне өте қызығушылықпен қарайтын жан болған. Ол жастайынан музыкаға жақын болды: ол өздігінен скрипка және роялон ойнауды үйренген, сағаттар бойы музыкамен шұғылданған. Тағы бір «қызығы» фотосуретпен шұғылданған. А. Беляевтің эсперанто тілімен айналысқаны белглі. Жастайынан көр оқып, әсіресе Жюль Верннің әдеби шытырман оқиғаларымен шұғылданған. Александр жыбырлақ болып өскен, түрлі ұтыстарды, әзілді ұнатқан; өзінің тентектігі әсерінен көзіне жарақат алып, көруі нашарлаған. Жас кезінде ұшуды армандаған. Қолына сыпырғы алып, шатырдан қолшатырмен секірген, соңында кішкентай аэропланмен көтерілген. Бір кездері ол сарайдың шатырынан секіремн деп құлап, арқасын жарақаттаған. Бұл жарақат оның алдағы уақыттағы өміріне әсер етті. 1920 жылдардың ортасында Беляев үнемі жарақаттанған арқасынан зардап шеккен.

1990 жылы ғылыми-көркемдік және ғылыми-фантастикалық әдебиет секциясы бойынша Ленинградтық жазушылар ұйымы КСРО жазушылар одағының Александр Беляев атындағы әдеби сыйлығы ғылыми-көркемдік және ғылыми-танымдық шығармалары үшін берілген ғылыми-көркемдік және ғылыми-танымдық шығармалары үшін берілген.

Қайнар көз: http://ru.wikipedia.org

Көп оқылғандар