Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Ермек Серкебаев

Ермек Серкебаев

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Ермек Серкебаев - (1926-2013) әнші (лирикалық баритон), КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор.

 

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін (Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

 

Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Ахмет Жұбанов және Латиф Хамидидің операсындағы - Абайды, «Біржан мен Сара» операсындағы Қожағұл, Амангелді, Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында» Онегин мен Елецкийді, Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразы» Фигароны, «Укрощение строптивой» Петруччионы, Евгений Брусиловский мен Еркеғали Рахмадиевтің операсындағы Ер Тарғын және Алпамыс батырлар және басқа да көптеген операларда ойнаған. Кино өнері саласында да атсалысып, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», т.б. фильмдерге түскен. Гастрольдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болған. 1973 жылдан қазіргі кезге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класы бойынша дәріс береді. 2006 жылы - Мәскеу консерваториясының үлкен залында ән шырқаған. 1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 8, 11-шақырылымдарының депутаты.

 

«Отан», Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері. 2011 жылы желтоқсанның 22-сі күні Алматыда Ирина Серкебаеваның «И жизнь, и молодость, и счастье» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстанның халық әртісі, атақты әнші Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Көп оқылғандар