Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Естай Мырзахметов

Естай Мырзахметов

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Мырзахметов Естай (1927, Бурабай ауданы Жарқайың ауылы – 2008, Көкшетау қаласы) – жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1973), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1954). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі (1954 – 66), «Көкшетау правдасы» газеті редакторының орынбасары (1966 – 68) болып қызмет істеді. Мырзахметов алғашқы очеркін мектеп қабырғасында жүргенде жазып, ол «Пионер» журналында басылған (1949, шілде). Ауыр науқасқа шалдығып, төсек тартып жатса да Мырзахметов «Он бес жыл өткен соң», «Медет» романдарын, «Хайроштың аманаты», «Қара жолдың бойында» повестерін, 100-ге тарта әңгімелер мен новеллалар жазды. Мырзахметов аудармамен де айналысты, оның тәржімалауымен ұлы даниялық жазушы Мартин Андерсен Ненсенің «Жаннета» романы, Ханс Кристьян Андерсеннің «Сандық-самолет» ертегілер жинағы, татар жазушысы Шәміл Умановтың «Торғай даласында» атты повестер мен әңгімелер жинағы, Юрий Корольковтың «Кио Ку Мицу» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді. Мырзахметов публицист ретінде де кеңінен танымал, ол Ақан серініңБіржан салдыңБалуан ШолақтыңҮкілі Ыбырайдың, т.б. өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу очерктерін жазды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталған.

Көп оқылғандар