Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Арай Жүндібаева

Арай Жүндібаева

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Арай Жүндібаева – философия ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

 

Арай Канапияқызы 1988 жылы 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында ұстаздар отбасында туған. ШҚО Аягөз ауданының түлегі.  Арай Қанапияқызы - философия ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор.  Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.  Әдебиеттанушы. Лингвист. Өлкетанушы. Жас алаштанушы. Кәсіби  аудармашы. Көсемсөз шебері. Ақын, прозашы.  Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлан газетінің қоғамдық тілшісі.  2018 жылы Рухани жаңғыру бағдарламасы және Жаңа ғуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық жобасын негізге ала отырып, нанотехнология мен жаңа IT құрылғылардың, ақылды компьютерлік революциясы, 3D принтерлер мен болашақ технологиялары қыр-сырларын таныстыратын еврей ғалымы   Роя Тцезана «The Guide to the Future» кітабын (386 бет) ағылшын тілінен тікелей қазақшаға аударды.  2 ғылыми монографиясы, 2 ұжымдық монография,  20-ға жуық оқу құралдары мен оқу бағдарламаларының, 200-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Атап айтсақ, Латын әліпбиінде оқу мен жазуды (6 сағат) жеделдетіп оқытуға арналған Латынға төте жол оқу-әдістемелік құралының авторы.  Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша әзірленген  5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші сыныптарға арналған Қазақ әдебиеті (Атамұра) оқулықтарының, оқу әдістемелік материалдарының, оқу хрестоматияларының, аудио құралдарының авторы.  5-7 сыныптарға арналған Өлкетану (ШҚО) оқулығы авторы. Ұжымдық монография Ырғызбай әулие кітабының авторы. Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай Шәкәрім университеті арнайы философиялық талдауымен жарыққа шығарған  Үш анық еңбегінің жауапты редакторы.  ЖОО-на арналған ағылшын тіліндегі Leaders of Alash, ''Theory of literature'', ''History of Abaytanu'', ''History of Shakarim study'', түрік тіліндегі Şakarımtanu tarıhı,  оқу бағдарламасы мен оқу құралдарының авторы. Әдебиеттанудағы ағымдар мен бағыттар, Әуезов және әдебиеттану мәселелері оқу құралдарының авторы. Абай қарасөздерін оқыту - оқу-әдістемелік құралы мен ағылшын тіліндегі Абай қара сөздері оқулығы авторы.  ЖОО-на арналған Қайымтану, Шәкәрімтану тарихы, Абай әлемі оқу  курстарының авторы.  

 

Арай Қанапияқызы Thomson Reuters EdNoteBasic ақпараттық базасын жоғары деңгейде жетік меңгерген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университетінің, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Анкара қаласындағы Гази университеттерінің түлегі.  Шетелдік ғылыми тағылымдамалардан бірнеше шет мемлекеттерден  өткен. Мәскеу, Қазан, Уфа, Ташкент, Бішкек, Стамбул, Анкара қалаларындағы ғылыми мекемелер мен ғылыми кітапханаларда ежелгі дәуір, орта ғасыр тарихы, жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ және түрік тілдес халықтар әдебиеті тарихына байланысты деректер жинаумен айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмысына байланысты жазылған 170-ке жуық мақаласы халықаралық, аймақтық, республикалық ғылыми конференцияларда, алыс және жақын шетелдік ғылыми басылымдарда, Scopus, Thomson Reuters халықаралық ғылыми ақпараттық базаларына енетін ғылыми журналдарда жарық көрген. 2009 жылдан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтында, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде оқу және тәрбие істері жөніндегі маман, оқытушы, аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарған. 2010-2011 жылдары факультет деканының оқу және ғылыми-тәрбие істері жөніндегі орынбасары болды.  2009-2011 жылдары Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып қызмет еткен. 2014-2015 оқу жылынан бастап Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде қызмет етеді. Арай Қанапияқызы Ж.ндібаева -  «Акме» Халықаралық ағартушылар клубының жетекшісі. Акме халықаралық ағартушылар клубы   жастар арасында  ұлт руханияты мен Елбасы ұстанған саясатты халыққа дұрыс жеткізе білуде, кәсіби, ағартушылық бағыттағы ой-пікірлер алаңын, ғылыми мәдениет пен рухани интеллектіні қалыптастыруда үлкен беделге ие. Бүгінгі күні Акме халықаралық клубының мүшелері Корея, Швеция, Үндістан мемлекеттеріндегі ЖОО ректорлары және еліміздің қайраткерлері.  Белгілі мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуез, академик Ерлан Бәтташұлы, академик, философ Ғарифолла Есім, ақын Ұлықбек Есдәулет  және т.б. қазақ қайраткерлері осы Акмеде дәрістер оқыды. Қырғыз, татар, түрік ғалымдары дәрістері тыңдалды.  ШҚО Аягөз ауданының 90 жылдығына орай Аягөз мақтаныштары медалінің, Шәкәрім медалінің иегері. ҚР Білім және ғылым министрлігі Құрмет грамоталары, Алғыс хаты, ҚР Мәдениет министрлігі Алғыс хаты, Семей қаласы әкімі Алғыс хаттарымен марапатталған. Арай Қанапияқызы - Республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастыруда тәжірибесі мол, жоғары деңгейдегі ұйымдастырушы. Өлеңдері, прозалық шығармалары әр жылдары жарық көрген прозалық, жыр жинақтарында жарық көрген.

 

Көп оқылғандар