Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы — 15 маусым 1965 жылы Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов [1]. Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масимова.

 

  • 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
  • 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
  • 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
  • 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
  • Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.

 

  • 1991 жылы - Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші.
  • 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист.
  • 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары.
  • 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
  • 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры.
  • 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,
  • 1996 жылдың қыркүйек айынан «ТұранӘлембанк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,
  • 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы,
  • 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі,
  • 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
  • 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі,
  • 2006 – 07 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2007 ж. қантардың 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.[3]
  • 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов Қазақша Уикипедиа жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.[4]
  • 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады [5]. Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.[6]
  • 2014 жыл 7 сәуір - 2016 жыл 9 қыркүйек Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.
  • 2016 жылдың 8 қыркүйекте 13-ші Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басшысы болып тағайындалды.

 

  • 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен
  • 2004 жылы «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
  • 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
  • 2015 жылы - Халықтар достығы ордені (Беларусь)
  • 2016 жылы - 2-дәрежелі Барыс ордені (2016)

Көп оқылғандар