Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Досым Омаров Қайырбекұлы

Досым Омаров Қайырбекұлы

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Досым Омаров Қайырбекұлы — 1948 жылы наурыздың бірінші жұлдызында бұрынғы Семей облысындағы Бесқарағай ауданы Бөденелі ауылында дүниеге келді. Орта мектепті 1966 жылы бітіріп, Барнаулдағы Алтайдың политехникалық институтына оқуға түсіп, 1971 жылы тәмамдайды. 1979 жылы Мәскеудің ауылшаруашылығы инженерлері институтына аспирантураға түсіп, кандидаттық диссертацияны қорғаған соң ғылыми және педагогикалық жұмыстармен айналысады.

 

1991 жылдан бастап Абай дүниетанымын зерттеуге кірісіп, ҚР Ғылым Академиясы Философия институтында «Абай дүниетанымы» атты тақырыпқа философия ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыс жазады.

 

Досым Омаров — «Абайтану курсы», «Ұлылар үндестігі», «Абайтану», «Абайдың рухани мұрасы», «Жасару құпиясы», «Шәкәрім шыңы», «Шәкәрімнің үш анығы», «Единая основа мировых религий», «Тоғызқұмалақ ойынының философиялық негіздері» атты дүниетанымдық кітаптар жазып, сонымен бірге жүзден аса ғылыми-дүниетанымдық мақалалар жариялады.

Көп оқылғандар