Баян Тіленшина

Тіленшина Баян Керімқызы педагогтар отбасында туылған. Қазіргі әкесінің атындағы орта мектепті және1972 ж. Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін үздік бітірген. Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі. «Білім беру ісінің үздігі», «ОҚО еңбек сіңіргені үшін» медальдарының, халықаралық «Лучшие люди Казахстана» орденінің иегері. Студенттік шағында-ақ белгілі психолог-ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың жетекшілігімен «Қазақ ертегілеріндегі психология», «Таным мен тағылым», «Ұстаз беделі неде?» атты жантанымдық ғылыми еңбектер жазды.Ұстаздықтың алғашқы қадамдарынан жемісті нәтиже көрсетіп, 1976 және 1979 жылдары «Физиканы оқытудағы аналогия», «Электро-магниттік толқындар шкаласы» тақырыбын оқыту әдістері жүлдегер атанып, 2 дүркін ҚР мектептеріне үлгі ретінде таратылды.
1983 жылғы ҚР «Жігер» фестивалінде ақындық жанрдан дипломант болды. 1984ж. тұңғыш «Қарлығаш» жыр жинағы жарық көрді. Осы бастау «Қанат қақты», «Ғашық-нама», «Шабыт шашуы», «Жыр додасы», «Жұлдыз жүрек» атты жыр жинақтары және «Қиямет-қайым», «Ғибрат», «Сұрқия», «Арман- дүние» романдарына, бастауыш сынып пен ата-аналарға әдістеме қосымшасы «Әріп-әліпке» ұласты. Баянның шығармашылық еңбектерін Мұхтар Шаханов, Шерхан Мұртаза, Мархабат Байғұт сынды тарландар қазақ руханиятына қосылған стилі өзгеше үлес деп жоғары бағалады.
1986 жылы ОҚО атқару комитетіндегі бақылау тобында қызмет атқарып, облыста тұңғыш компьютерлік бақылау жүйесінің жобасын жасады. 1986-1989 жылдарда одақтық СВЦМС тресі жанынан «Рауан» атты қазақ балабақшасын ашып, басқарды. Жоғары еңбегі үшін тресс жеңіл автомобиль құнын сыйлады.
1995-99 ж.ж. ҚР Жазушылар одағының ОҚО бөлімшесінде әдеби кеңесші, 1999 - 2009 жылдары Сайрам ауданындағы № 29-шы әкесі Керім Тіленшин атындағы қазақ- орыс орта мектебінде директорлық қызмет атқарды.
37 жыл жөндеу көрмеген мектепті қомақты ағымдық жөндеуден өткізу «маусымы» көтерілді. Материалдық база айтарлықтай толықтырылды: мектеп партасы түгелдей жаңарып, ХХІ ғасыр кабинеттері,интерактивті тақталар мен лингафон , компьютер кабинеттері жабдықталды .
2006 жылы ұлағат иесі,әкесі Керім Тіленшиннің 100 жылдық мерейтойына орай кикбоксингтен халықаралық турнир, облыстық ақындық сайыс, суретшілер мен үздік шығарма, мүшайра және өнер конкурсы, «Үздік мұғалім» байқауы өтті. Керім Тіленшин туралы деректі фильм және сахналық қойылым жасалды, «100 жылдық» аллеясына шыршалар отырғызылып, ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Сайрам ауданның 75 жылдығына аудан әкімі Қуаныш Айтахановтың тапсырмасымен «Сайрам-елім» атты ауданның гимнін жазды.
Осы ән және «Оңтүстік маршы» әні аудандық және облыстық фестивальдерде хор жанрынан бас жүлдені жеңді. 2014 жылғы «Мәдениетім -мерейім» облыстық фестивалінде де «Сайрам-елім» Сайрам ауданының намысын қорғады. Бір ескеретіні -«Оңтүстік маршы», «Тұрар аға», «Жеңісті Қазақстан», «Хош бол,балабақша» , «Балақандар биі» т.б.әндердің әнін де, сөзін де Баян Керімқызы жазған!Бұл –Қазақстандық патриотизмге қосқан қомақты үлес!
Баянның өмір жолы мен шығармашылығы ОҚО әкімшілігі 2004 жылы құрастырып жариялаған «Аяулы, ардақты...» аналар жинағына, «Қалдырған ізің мәңгілік», «Қызыр қыдырған түн», «Ұлағат», «Мектеп директоры» жинақтары мен «Ордабасы» энциклопедиясына және «Лучшие люди Казахстана» энциклопедия-сына ендірілген.
2009 жылғы зейнеткерлік шақта «Ғибрат», «Арман- дүние» романдарымен қатар бастауыш балдырғандарға арналған дидактикалық хрестоматия «Әріп -әліп» жарыққа шықты. ҚР «Өрлеу»педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру» институтының ғалымдар кеңесі республикаға таратты. «Өрлеудің» негізін 1935 жылы қалаған алғашқы директоры – әкесі Керім Тіленшиннің білім соқпағын кеңейте жалғастырып, халықтың рухани қазынасын байытуға әлі де үлес қосуда. «Арман- дүние» республикалық газетінің бас редакторы, «Қайнарбұ-лақ» ауылдық әжелер бірлестігінің жетекшісі.
Көп оқылғандар
Атыңнан айналайын, Азаттығым!
Тілек Ырысбек. Айнадағы құдай суретін салу
Кәкен Қамзин. Қып-қызыл бұлттар, көгілдір-керім троллейбус
Пруст сауланамасы: Сұраған Рахметұлы
Нұрлан Қабдай. Тәуліктің жалғыз-ақ сәтінде өмір сүру
Айгүл Омарова. «... Махаббат толы ғажап тұлғамын...»
Бабақұмар Хинаят. Парыздың өтелуі
Бауыржан Жақып. Әдебиеттің алтын ордасы
Поэзия аллеясы” ашылды
Атыңнан айналайын, Азаттығым!
Бір тал гүл
Құлтөлеу Мұқаш. Күйеуқашқан
Айзат Рақыш. Әдебиеттегі жалаңаштарға кім тұсау салады?
Әділет Ахметұлы. Өлеңге сүзгі мен сезгі керек
Есей Жеңісұлы. Ар
Құлтөлеу Мұқаш. Қарағанды күліп тұр
Мәдина Сейітмағамбетова. Жүректің лүпіліндесің
Аударма саласындағы Назипа Құлжанованың рөлі
Өлең салыстыру ойынынан туған ой
Бір суреттің тарихы
Микро-әңгімелер циклы
Ғаббас Қабышұлы. Қадырия
Асылбек Байтанұлы. Қазақ әдебиетіндегі шай...
Қуаныш Дәлей. Ымырт қызы
Мақат Садық. Шер мен шындыққа толы жол
Көп талқыланғандар
Қуандық Шамахайұлы. Кішкентай адам
Тірісінде тіресіп, аруағында ардақтап
Қуат Қиықбай. Бесік жыры
Алмагүл Шималова. Ақберен (ертегі)
Жадыра Шамұратова. Серіктің батпырауығы
Бекзат Думанұлы. Сенгім келіп тұрады ғажайыпқа
Қуандық Шамахайұлы. Мұқанның көршісі
Неліктен Қайым – Қадырға, Семей – Батысқа айналды?
Әлібек Асқаров. Кейбір аң мен құстың қазақша атаулары туралы
Қуандық Шамахайұлы. Пысық жігіт
Бауыржан Игілік: Жайнамаздай қастерледім қағазды
Назерке Серікқызы. Тәңір естіп қояды...
Тіл ғұламасы Әсет Болғанбаев
Гүлнұр Қасымзада. Күнім
Мұхтар Мағауин. Естеліктер кітабы. Мұқағали Мақатаев