Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Бауыржан Мырзақұл

Бауыржан Мырзақұл

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Бауыржан Мырзақұл Талғатұл ОҚО, (бұрынғы Мырзашөл өңірі) Мақтарал ауданы, Жылысу ауылында 1992 жылы дүниеге келген. М.Шоқай атындағы орта мектепбінде тәлім алған. Мектеп қабырғасында жүргенде «Жұлдыз жырлар жарығы» атты жыр жинағы жарық көрген. Өлеңдері бұқаралық ақпарат беттерінде жиі жарияланып тұрады: «Ақжелкен», «Шапағат-нұр», «Мырзашөл», «Алтын ұя», «Жалын» журналдары мен «Болашақ», «7сыр», «Нарық әлемі», «Қазақ университеті», «Қазақ әдебиеті» газеттері және «NAMYS.kz», «MUSLIM.kz», «MASSAGET.kz, ISLAM.kz» сайттары.

 

2013 жылғы ТЖМ-ның (Төтенше Жағдайлар Министрлігінің) әнұранының авторы. 2011-2013 жылдары ҚазҰУ-да жарық көрген «Жез қоңырау» және қазақ поэзиясының «Жыр Маржаны» атты X томдық антологияларына және де «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының әдеби байқауы бойынша жарық көрген жинаққа шығармалары енген.

 

Көптеген мүшәйраларда өз бағын сынап көрген: 2013 жылы өткен «Мен жастарға сенемін» атты Республикалық жыр-мүшәйрасында ІІ орын, ал 2014 жылы «Тек «Ел» деген сөз үшін!» атты М.Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыр-мүшәйрасында жүлделі І орын және де 2014 жылы ҚызПУ-дың 70 жылдық мерейтойына орай өткен «Атыңнан айналайын, қазақ қызы!» атты республикалық жыр-мүшайрасының жүлделі ІІІ орын иегері атанған.

 

Алматы облыстық дарынды балалараға арналған Ш.Смағұлов атындағы физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатында 2014 жылы тәрбиеші болған. 2015-2016 жылдары А.Крылов атындағы Алматы қалалық балалар кітапханасындағы «Алтын шаңырақ» үйірмесінің жетекшісі. 2016-2017 жылдары «Қазақ университеті» баспа-үйінің редакторы.

 

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің 2014 жылғы түлегі. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің дінтану магистрі. 2017 жылы «Ышық» жыр жинағы жарық көрген.  Қазіргі таңда «7 сыр» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

 

Көп оқылғандар