Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Қайрат Байбосынов

Қайрат Байбосынов

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Қайрат Әукенұлы Байбосынов 1950 жылы 1 маусымда Қарағанды облысы (бұрынға Жезқазған облысы) Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген. әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 

1969-1988 жылдары - «Гүлдер» ансамблінің әншісі әрі Алматы эстрада-цирк студиясының оқытушысы. 1988-1999 жылдары Алматы консерваториясының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры болған. Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры.

Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді халық арасына таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция Испания, Италия, Бирма, Сингапур, т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шетел тыңдаушыларына танытты.
 

Көп оқылғандар