Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Тоқболат Еңсегенұлы

Тоқболат Еңсегенұлы

Рейтинг: 4.200
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Филология   ғылымдарының   докторы, профессор. Ол 1968 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы: журналист, әдебиеттанушы, түркітанушы. Т.Еңсегенұлы  шығарған 30-дан астам кітап 14 монография, 1 оқулық, 10 оқу-әдістемелік құралдан және 5 көркем шығармадан тұрады. Бұған қоса 250-ден астам ғылыми, 70-ке жуық көркем сын мақала және  30 дан астам әңгіме жариялаған, және 130  очерк, өлеңдер жинағы жарық көрді.

Негізгілерін атасақ, көркем шығармалары: «Тұтқын»–роман. «Бақ құсы»–повесть, әңгімелер, новеллалар.  «Шайтан бөрі»–сатиралық поэмалар мен сықақ өлеңдер. «Сағыныш – сұлу тырналар»–повесть, әңгімелер. «Момын»–роман.

Монографиялары: «Әдебиетіміздің бастауы – «Авестада», «Атамұра», «Қорқыт ата әлемі», «Сыр бойы ақын-жыраулары», «Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары», «Көне түркі руна жазба өлеңдері»,  «Авеста» – түркілерге ортақ мұра», «Күлтегін жазба ескерткіші – авторы бар эпопеялық шығарма» Көне түркі руна жазба поэзиясы. Бірінші том – «Енисей бойындағы көне түркі руна жазба өлеңдері»  Көне түркі руна жазба поэзиясы. Екінші том–«Ырқ бітіг» кітабы және қазақ, шығыс даналығы», Көне түркі руна жазба поэзиясы», Үшінші том– Алтай, Талас жазбалары: Уақыт пен кеңістіктегі көне түркі іздері», Көне түркі руна жазба поэзиясы. Төртінші том– Күлтегін ескерткішінің сарыны және қазақ тайпаларының іздері», Көне түркі руна жазба поэзиясы. Бесінші том– «Түркі империясын құрудағы Орхондағы жорық жазбалары және қазақтың батырлық жырлары», Бабалар жасаған рухани қазыналар. Жетінші том – «Қорқыт ата – туркілердің рухани  кемеңгері».

Оқу және оқу-әдістемелік құралдары: «Қорқыт – Сырда туған», «Көне түркі шығармалары», «Оғызнама» – Сыр бойында туған шығарма», «Түркі ру-тайпаларының көне өлеңдері», «Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары», «Рахмет жырау–Көрұғлыны жырлаған», «Қарасақал Ерімбет ақын», «Көне түркі руна жазба поэзиясы. Екінші кітап –  «Орхондағы түркі руна жазба дастандары», «Ырқ бітіг» – «Алдыңды болжап бал ашатын кітап», «Көркем ойдың көкжиегі», «Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты».

Т.Еңсегенұлы қазір Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шақыруымен барып, осында әдебиеттану мамандығы бойынша қызмет атқаруда.

Көп оқылғандар