Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Нұрлан Онжанов

Нұрлан Онжанов

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Нұрлан Онжанов 1960 жылы туған.

1983 жылы  Гумбольдт атындағы Берлин университетін бітірген.

1983-1986 жж. – Алматы педагогикалық шетел тілдері институтында оқытушы.

1986-1992 жж. – Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтында аспирант, зерттеуші-стажер.

1992-1994 жж. – жетекші маман, бас маман,  бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің кеңесшісі.

1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің аға референті.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде бірінші хатшы, кеңесші.

1997-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінде кеңесші.

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаментінің директоры.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында бас консул.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі – СІМ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тарапынан ұлттық үйлестіруші.

2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2008-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, сондай-ақ Дания Корольдігіндегі елшісі қызметін қоса атқарушы.

2014 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

 «Құрмет» (2006), «Парасат» (2011) ордендерімен және мерейтойлық 5 медальмен марапатталған.

Төтенше және өкілетті Елші дәрежесіне ие.

Филология ғылымдарының кандидаты. Неміс, швед, ағылшын тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар. 

 

Көп оқылғандар