Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Үбіғали Бақтығалиұлы

Үбіғали Бақтығалиұлы

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол


Үбіғали Бақтығалиұлы – жасынан өлең, жыр-дастандарды сүйіп өскен, жадына сақтап таратқан жыршы, халық ақыны. Ол 1925 жылы қазіргі Ақтөбе облысындағы Алтықарасу-Кенжалы деген жерде дүниеге келген. Әкесі Бақтығали ел қатарлы орта дәулетті адам болған. Үбіғали бала кезінен ел әңгімесін көп білетін әжесі Ұлболсынның тәрбиесін алған. 1929-30 жылдары кеңестік кезеңнің зорлық-зомбылығына ұшыраған көптеген ауылдар наразылық білдіріп, Орта Азия елдеріне қоныс аударғанда, Үбіғалидың әулеті Түркменстанның Ташауыз облысында тұрақтап қалады. Сол жерде оқып, білім алып, әртүрлі шаруашылық саласында жұмыс істейді. 1988 жылы зейнеткерлікке шығып, Алматы облысына көшіп келеді.

Ү.Бақтығалиұлы жастайынан қазақ халқына ғана емес, Орта Азия елдеріне танымал Құнанорыс Мұса, Ескелді Сүгір, Қырымқұл Ұзақбай, Қырықмылтық Тәжік, Бүркітбай, Кердері Құдайберген, Кете Хайрулла сияқты жыраулармен кездеседі. Солардың дәстүрімен жыр айтады, терме-толғаулар шығарады. Әсіресе, Сүгір жырау Бегендікұлының орындауында Қашағанның, Аралбайдың, Сәттіғұлдың, Есмағамбеттің, т.б. ақын-жыраулар мұрасын үнтаспаға жазып алып, оларды хатқа түсіріп, үйреніп, айтып жүреді. Оның әр жылдары жарық көрген «Шежіре, жыр-дастан, толғаулар» (1999), «Атамұра» (2000), «Бабалар баяны» (2004) кітаптарында жадындағы және үнтаспадағы әдеби мұралары мен өз шығармалары топтастырылған.


(Қабиболла Сыдиықұлының, «Елеулі есімдер, бағалы басылымдар» кітабынан, 50-бет)

Көп оқылғандар