Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Серік Сейітман

Серік Сейітман

Рейтинг: 3.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

1982 жылы 6 қаңтарда ОҚО Отырар ауданында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын бітірген.

 

2014 жылғы республикалық «Жас тұлпар» сыйлығының иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты.

 

Баянауылда өткен тұңғыш республикалық Жас қаламгерлер форумында К.Райымбекұлы атындағы сыйлыққа ие болған.

 

2006 жылы «Қырсық қызға қолтаңба», 2010 жылы «Қазақтың қаны», 2014 жылы «Қарашаңырақ», сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыспен «Домбыра» жыр кітаптары жарық көрген.

 

Роза Рымбаева, «МузАРТ» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Бауыржан Исаев, Ибрагим Ескендір, «Жігіттер» тобының орындауындағы танымал әндерге мәтін жазған.

 

Қазақстан авторлар қоғамының және Қазақ радиосы Көркемдік кеңесінің мүшесі.

 

2006 жылдың қаңтарынан Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, «Руханият» бас редакциясы Бас редакторының орынбасары, «Әдеби-саз» редакциясының шолушысы, 2014 жылдың ақпанынан 2017 жылдың қаңтарына дейін «Шалқар» радиосының Бас редакторы қызметін атқарды.

 

Қазір «Республикалық радио» ЖШС Бас директорының орынбасары – Қазақ радиосының Бас редакторы.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар