Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Уахит Шәлекенов

Уахит Шәлекенов

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Уахит Хамзаұлы Шалекенов (12.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрілі ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1967), профессор (1972). Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (1991). Қазақстан Республикасының (1984) және Өзбекстан Республикасының (1984) еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан, отставкадағы полковник. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген. Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер (1948–195]), КСРО ғылым академиясының Этнография институтында аспирант (1950–1953), Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі (1953–1970), Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі (1970–1972) болған. 1973 жылдан ҚазҰУ-да декан, кафедра меңгерушісі болды.

700-ден астам ғылыми жарияланым, 30 монография, оқу құралдарының авторы. «Қызыл Жұлдыз», 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

Көп оқылғандар