Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынова

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Фариза Оңғарсынова - ақын, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004).

1939 жылдың 25 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық Коммунистік еңбек газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген. 1968-1970 жж. республикалық Лениншіл жас газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық Қазақстан пионері газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан Пионер журналының бас редакторы болып істеген. 1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті Мәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, Біздің Камшат повесі, аудармалары Жазушы, Жалын, Молодая гвардия баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Жүрек енеің... деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз. Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған: Не қасиет күтерсің бүгінгі елден, Жасқаншақтап күйеудей үрын келген. Айтар сөзін көмейге көміп қойып, Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен. Ақынның творчествосына тән басты қасиет — шындыкқа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп түрады. 1979 жылы жарық көрген Сенің махаббатың жинағындағы Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан. 1984 жылы Үйім — менің Отаным, Маңғыстау монологтары, Революция және мен өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамоталарымен, Құрмет Белгісі, Парасат ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Көп оқылғандар