Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Шәріп Амантай

Шәріп Амантай

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Шәріп Амантай 1965 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. 
 
ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік бітірген (1988). ҚазҰУ-да стажер-зерттеуші, асистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1996–1997 жж. Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 1997–2000 жж. ҚазҰУ-дің докторантурасында оқыған. 
 
2000–2004 жж. Еуразия университетінде кафедра меңгерушісі, гуманитарлық институт директорының орынбасары, әлеуметтік жұмыстар жөнінде проректор қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры қызметін атқарған. Өлеңдері мен әдеби-сын мақалалары республикалық баспасөзде 1979 жылдан бастап жарық көрген.
 
Шығармалары «Қарлығаш», «Ұлы дала жырлары», т.б. жинақтары мен антологияларға енген. «Құбыла» атты жыр кітабы шықты. «Сұлтанбек Қожанұлы – әдебиетші», «Қайраткердің қаламгерлігі» зерттеу еңбектерінің, «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея атты ғылыми монографияның авторы.
 
Филология ғылымдарының докторы. «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты.

Көп оқылғандар