Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Ольга Шиленко

Ольга Шиленко

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Ольга Шиленко 1955 жылы 11 ақпанда Қырғызстандағы Ыстықкөл облысында туған.
 
Көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін облыстық және республикалық газеттерде суретші, «Білім» қоғамында референт, Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті саласында аға әдіскер болып қызмет істеген. 1983 жылдан бері Алматыда тұрады. «Қазақстан» баспасында көркемдеуші редактор, «Ренессанс» шығармашылық бірлестігінде әдеби кеңесші болып істеген. 

«Океан» («Жалын», 1987), «Жесты» («Жазушы», 1998) өлеңдер жинақтары, «Оборотень» атты фантастикалық әңгімелер жинағы, К.Альба деген бүркеншік атпен «Андрогины доктора Моора» деген шытырман оқиғалы қиял-ғажайып кітабы жарыққа шықты. 

«Простор», «Нива», «Мысль», т.б. журналдарында эссе, мақалалары және «На белом свете – август», «Рассказы о прекрасных дамах», «Утро синего снега», «Дом с тенью», «Урок хиромантии», «Рассказы о красоте и коварстве», «Мост монаха» және т.б. повестері мен әңгімелер циклі жарық көрді.

Көп оқылғандар