Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Доқтырхан Тұрлыбек

Доқтырхан Тұрлыбек

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Доқтырхан Тұрлыбек 1949 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.
 
1966 жылы Қаратау қаласында орта мектепті бітірген соң, «Қаратау құрылыс» тресінде тас қалаушының көмекшісі болған. 1970 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданындағы «Село жаңалығы» газетінде жұмыс істеген. Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін сырттай оқып бітірген. 1977 жылы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетіне қызметке ауысқан. 1984 жылдан бері Қазақ теледидарында редактор, бас редактор, Бас директордың бірінші орынбасары, кейіннен «Қазақтелефильмнің» Бас директоры болып қызмет еткен. Бүгінде Халықаралық «Түркі әлемі» студиясының бас директоры. 

«Түбі түскен шелек және сыпыртқы», «Сталиннің мүштігі», «Қазақ қалжыңдары», «Қалша Қожаның қалжыңдары», «Өмірдің сегіз сәті», «Бойтұмар мен ой тұмар», «Бекет Ата жолымен» атты жинақтары жарық көрген, сондай-ақ отызға жуық деректі бейнефильмнің авторы әрі режиссері. Шығармалары орыс, ағылшын тілдеріне аударылған.

Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының және халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтарының иегері. Халықаралық Санкт-Петербург психология Академиясының Құрметті академигі.

Көп оқылғандар