Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Жақсылық Түменбаев

Жақсылық Түменбаев

Рейтинг: 4.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Жақсылық Түменбаев 1944 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда облысы Арал ауданының Сазды ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін, «Арал» совхозында шопанның көмекшісі болып жұмыс істеді. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 
 
 
1968–1975 жж. Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің қызметкері, 1975 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары, республикалық «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
 
 
Алғашқы көркем шығармалары «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында, республикалық, облыстық баспасөзде 1968 жылдан жариялана бастады. Жастарға арналған көркем шығармалардың республикалық жабық конкурсында бір рет екінші, бір рет үшінші бәйге алды. А.Лихановтың «Шырғалаң» деген романын, басқа да авторлардың повесть, әңгімелерін аударды.
 
 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Туған жерінде оның есімімен аталатын көше, мектеп бар.
 
 
Шығармалары: 
- Қардағы іздер. Әңгімелер. А., «Жалын», 1977; 
- Қимас қазына. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1979; 
- Мен сүйген қыз. Повестер. А., «Жалын», 1981; 
- Тас бөгет. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1984; 
- Махаббат қорығы. Повестер. А., «Жазушы», 1990; 
- Ақырғы демім біткенше. Роман. А., «Жалын», 1993.

Көп оқылғандар