Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Геннадий Толмачев

Геннадий Толмачев

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Геннадий Толмачев (1939–2006) Алматы қаласында туған. 
 
1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1972 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітіріп, тарих ғылымдарының кандидаты атағын алған. 
 
1961–1965 жж. «Казахстанская правда» газетінің редакциясында жұмыс істейді, 1965–1969 жж. «Комсомольская правданың» Қазақстан бойынша тілшісі, 1975–1982 жж. «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, 1991–1995 жж. «Народный Конгресс Казахстана» газетінің бас редакторы, 1985–1992 және 1995–1999 жж. «Простор» журналының бас редакторы болған.
 
«Простор» журналында екі повесі — «Агроном из легенды» және «Четыре ночи тревоги» – басылды. Ал 1974 жылы «Жазушы» баспасынан «Четыре ночи тревоги» деген атпен повестер жинағы, 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Дело в поцелуе» сықақ әңгімелер кітабы, кейінгі жылдары «Не прощаюсь с друзьями» (1990), «Повесть об Олжасе» (1995), «50 встреч с Д.А. Кунаевым» (1997), «Лидер» (Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі повесть, 2000), «Уж замуж невтерпешь» (2001) секілді повестері мен әңгіме-естеліктер кітабы жарық көрген. О.Әубәкіровтің «Сиқыршы» сықақ әңгімелер кітабын (1976) аударған.
 
Халықтар Достығы орденімен, бес медальмен марапатталған

Көп оқылғандар