Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Жиенғали Тілепбергенов

Жиенғали Тілепбергенов

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Жиенғали Тілепбергенов (1895–1933)

Ақтөбе облысының Темір ауданында туған. 

Өз ауылындағы бастауыш мектептен кейін Орынборда оқып, 1915 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесіне ауысады. Оны 1918 жылы тамамдайды. Медреседегі қазақ балалары 1915–1918 жж. шығарған «Садақ» атты қолжазба журналдың Б. Майлиннен кейінгі редакторы болды. Қонжар, Қандыағашта мұғалім (1918–1920), Темірде оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі (1920–1925), Ақтөбедегі «Кедей» газеті (1925) редакторының орынбасары, Петропавлдағы «Бостандық туы» газетінің редакторы (1927–1928), Қызылордадағы ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысын басқарушы (1929), «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары, Алматыдағы қазақ мемлекеттік баспасының (1931), Темірдегі «Социалистік майдан» газетінің редакторы (1932–1933) болды.

1930 жылы «Таңбалылар» атты повесін жазды. «Перизат–Рамазан», «Тілші» пьесалары қазақтың ұлттық театрының сахнасында қойылды. Әңгімелері мен фельетондар жинағы 1969 жылы «Ізбасар» деген атпен жеке кітап болып басылды.

Көп оқылғандар