Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Жақсылық Сәтібеков (Ж. Әйтеков)

Жақсылық Сәтібеков (Ж. Әйтеков)

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Жақсылық Сәтібеков (Ж. Әйтеков) 1937 жылы 24 маусымда Жамбыл облысы, Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданы, Теспе ауылында туған. 

1958 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облыстық радио комитетінде бастап, Қазақстан республикалық радио және телевизия жөніндегі комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болып істеген. Қазір зейнеткер. Жеті томнан тұратын «Боздақтар» атты зерде кітабының Бас редакторы.

Алғашқы өлеңі 1957 жылы Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарияланды. 1961 жылы бір топ өлеңдері «Жырға сапар» атты республикалық жас ақындарының жинағына енді. 1962 жылы қызылшашы С.Оңғарбаева жайлы хикаясы жарық көрді. Сол жылы Жамбыл облыстық театрында режиссер Мен Дон-Укпен бірлесіп жазған «Елдің гүлі» пьесасы қойылды.

«Таңсәріде», «Сырлы қайың», «Даладағы дастан», «Фосфорлы қала», «Мойынқұм көктемі», «Бозқараған», «Әнші дала», «Айырөткел» атты жыр жинақтары «Бә-мү-жә» атты балаларға арналған кітапшасы, «Асқаровтың соты» хикаясы, «Ғибрат» атты прозалық кітабы жарық көрген. Осы кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

Көп оқылғандар