Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Олег Мацкевич

Олег Мацкевич

Рейтинг: 2.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Олег Мацкевич (1919–1987) 25 тамызда Ресейдің Калуга қаласында туған. Оның балалық және жастық шағы Сібір мен Қиыр Шығыста өткен. 1937 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматыға көшіп келген. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. «Пионер Казахстана», «Ленинская смена» және «Казахстанская правда» газеттерінде қызмет істей жүріп, деректі публицистика жанрында еңбек етті. Натуралист-жазушы М.Зверевпен бірігіп жазған алғашқы кітабы – «Голубая пещера» (1952). Алматы мен Мәскеуде шыққан «Дороги и встречи» (1959), «Огни Казахстана» (1959), «Сердце каменных гор» (1962), «Мангышлак – полуостров сокровищ» (1965), «Дорога через столетия» (1966) және басқа кітаптары бар. 

«Казахстанская правда» газетінде әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, Т.Шевченко, Ю.Фучик, В.Чапаев, Д.Фурманов сияқты қызық тағдырлы адамдар туралы «Путь в страну Семи рек» (1968), «Страница жизни генерала Лукача» (1969) деректі повестерін қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткерлері жайында «Самые светлые ночи» (1976) және «Вечно живые родники» (1974) кітаптарын жазды. «Жажда открытий (1968), «Автограф на память» (1979), «Три цвета радуги» (1985), «Розы Черных гор» (1985), т.б. прозалық кітаптары шыққан. 

Бірнеше медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Көп оқылғандар