Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Әбіл Қонысбай

Әбіл Қонысбай

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

 

 

 

Әбіл Қонысбай 1954 жылы 21 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. 

1977 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітіріп, біраз уақыт Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1980–1985 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облыстары бойынша меншікті тілшісі, 1985 жылы облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары, 1990 жылы қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакторы, 1991–1995 жж. Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. 1999 жылы «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының» төрағасы болып сайланды. Астана қаласы әкімі аппараты тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газетжурналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, т.б. суырыпсалма саңлақтармен сөз сайыстарына түскен. 1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондайақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстарда сан мәрте топ жарды.

Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды. Арқалық қаласының Құрметті азаматы. «Астана» медалімен марапатталған.
 
Шығармалары: Бастау. Сықақ өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Көршілер. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1987; Алаңғасар. Әзілсықақ әңгімелер мен скетчтер. А., «Өнер», 1989; Қонысбайдың қалжыңдары. Әзіл, қалжың, қағытпалар. Астана, «Елорда», 2000.

 

 

 

 

 

Көп оқылғандар