Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Наргиз Асанжанова

Наргиз Асанжанова

Рейтинг: 4.500
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Асанжанова Наргиз Тамабекқызы, театр музейінің жетекшісі

1969 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.

1986-1991 жылдары Қазақ Мемлекеттік С.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) университеттің тарих факультетін музейтанушы мамандығы бойынша тәмәмдап, 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Орталық музейінің насихат, жарнама және экскурсиялық қызмет бөлімінде экскурсия жетекшісі болып қызмет істеді.

1996 жылдан М.Әуезов театрында қызмет етеді.

2013 жылы екі залдан тұратын театр музейінің ашылуын ұйымдастырды.

Астанаға Ә.Мәмбетовтің 75 жылдығына, А.Әшімовтің 70 жылдығына, Қостанайға Қ.Бадыровтың 100 жылдығына, Талдықорғанда Б.Римованың 85 жылдығына, Қызылордаға С.Майқанованың 95 жылдығына және 100 жылдығына арналған көрмелер ұйымдастырды.

Республика баспаларынан театрдың 80 жылдығына арналған кітап-альбом, актерлер С.Майқанова, Ә.Өмірзақова, Ы.Ноғайбаев, Ә.Молдабеков, Е.Жайсаңбаев, Қ.Сұлтанбаев, М.Нұрекеев, Н.Мышбаева, режиссер Е.Обаевтың альбомдарын шығаруға атсалысты.

Театр өнерінің насихатталуына, актуализациялануына сіңірген еңбегі үшін Н.Асанжанова 2012ж. ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, дипломдарымен марапатталды.Асанжанова Наргиз - "Әмина Өмірзақова Фотоальбом" кітабының авторы 

Көп оқылғандар