Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Әл-Тарази Тұңғышбай

Әл-Тарази Тұңғышбай

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Тұңғышбай Қадырұлы Әл-Тарази (2.10.1948 ж. туған, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылы) - актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі), профессор (1979).

Алматы өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік факультетін бітірген (1973). Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады (1970). 1993 - 2001 ж. осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Ж. Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың Дала дастанында), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың Бөлтірік бөрік астындасында), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың Таңғы жаңғырығында), Мырзахмет (Т.Ахтановтың Жоғалған досында), Демесін (Д.Исабековтің Кішкентай ауылында), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтің Айман - Шолпан мен Қарагөзінде), Жалмұхан (ұ.Мүсіреповтің Ақан сері - Ақтоқтысында), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың Абылай ханында, М.Байсеркеновтің Абылайдың ақырғы күндерінде), Әбутәліп (Ш.Айтматовтың ұасырдан да ұзақ күнінде), т.б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Ж. ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист (Отқа оранған Орал), Тәңірберген (Қан мен тер), Әбілқайыр (Жаушы), Оразмерген (Ақырғы аманат), Болат (Тарғыл қауын), Әзімхан (Қаралы сұлу), Қайырхан (Отырардың күйреуі), Құнанбай (Жас Абай) бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. Отырардың күйреуі фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1992).

Режиссер ретінде К.Гоццидің Турандот ханшайым, М.Ұапаровтың Тұзды шөл, Қ.Шахимарданның Томирис пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты. Концерттік ұжым Тамашаны алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемлекеттік университетінде дәріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.

Көп оқылғандар