Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Рымғали Нұрғали

Рымғали Нұрғали

Рейтинг: 4.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Рымғали Нұрғали Нұрғалиұлы - 1940 жылы 1 маусымда Семей өңіріндегі Абыралы ауданының Қайнар аулында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі, 1963), аспирантурасын (1967), докторантурасын (1972) бітірген.

1962-1965 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Целиноград, Қостанай облыстарындағы тілшісі болып очерктер, әңгімелер жазып, фольклор нұсқаларын жинады. 1966 -1968 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші болған. 1968-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент, профессор, факультет деканы, 1986-1997 жылдары «Қазақ энциклопедиясында» бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, академигі (2004).

Тырнақалды «Сабыр Шәріпов» атты ғылыми еңбегі 1961 жылы университет баспасында жарық көрді.

М.Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңдерін, ұлы қаламгердің драматургиясын монографиялық тұрғыдан зерттеген. Қазақтың алғашқы режиссері, көрнекті драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты танытты, 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті ұжымдық монографиясына (1997) автор болды. «Абай» энциклопедиясының бас редакторы, 11 - сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығының авторларының бірі. «Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия», «Ол кім? Бұл не? Шәкірт энциклопедиясы», «Ислам», «Абай», «Философиялық сөздік», «Әлемде талай қызық бар», «Боздақтар. Естеліктер кітабы» сияқты энциклопедиялар мен сериялардың, жобалардың, әдебиет пен өнер, эстетика мен театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, портрет, шолу, мақалалар циклінің авторы.

Қазан, Рига, Душанбе, Бішкек, Тбилиси, Ереван, Баку, Мәскеу, Кишинев қалаларында өткен халықаралық, бүкілодақтық, аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған. Америка, Англия, Франция, Германия, Индия, Венгрия, Иран, Түркия, Монғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Чехия, Словакия елдерінде болып, түрлі жиындарда сөз сөйлеген.

Л.Толстойдың «Әзәзіл» повесін, Н.Погодиннің «Салтанат жыры» пьесасын, Ә.Кешоковтың «Соңғы шақырым» драмасын, П.Брагиннің «17 жайлы хикая» повесін, эстон әңгімелерін, бірнеше көркем фильмдерді қазақ тіліне аударды. «Жұмат Шанин» деректі фильмінің сценариін жазған. «Дән» новеллалар жинағы, «Ай қанатты арғымақ» романы әдеби сында жоғары бағаланған.

Оның құрастыруымен, алғы сөз, соңғы сөз және түсініктермен, редакциялауымен Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ж.Шанин, М.Әуезовтің энциклопедиялық сипаттағы томдары, І.Есенберлиннің 10 томдық шығармалар жинағы, Б.Кенжебаев, Ш.Әбенов, Қ.Бадыров, Т.Ысмайылов, Ф.Оңғарсынова кітаптары басылып шықты.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (2003), «Жоғары мектептің үздік қызметкері» (1984). Қазақстан Республикасы Ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1998), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1995), халықаралық Айтматов академиясының (2003) академигі, «Парасат» орденінің (2005), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2006) грантының иегері. Білім беру ісінің құрметті қызметкері, А.Байтұрсынов сыйлығының лауреаты (2006), М.Шолохов (2005), Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, Астананың 10 жылдығы медальдарын алған.

2010 жылы қайтыс болды.

 

Шығармалары:

Абай [Текст] : энциклопедия / ред. Р. Н. Нұрғалиев. - Алматы : Атамұра, 1995. - 720 б.

Бердібай, Р. Қазақ әдебиеті [Текст] : жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайым. - Алматы : Мектеп, 2007. - 384 б.

Нұрғали, Р. Екі томдық. 1 том. Діңгек [Текст] / Р. Нұрғали. - Алматы : Арда, 2009. - 592 б.

Нұрғали, Р. Екі томдық. 2 том. Діңгек [Текст] / Р. Нұрғали. - Алматы : Арда, 2009. - 680 б.

Нұрғали, Рымғали. Жұлдыздар әлемі шоғырымен жаратылады... [Текст] / Р. Нұрғали // Егемен Қазақстан. - 2009. - 5 желтоқсан. - Б. 5.

Нұрғали, Р. Алаштың бас шығармасы [Текст] / Р. Нұрғали // Абай. - 2008. - №3. - Б. 55-63.

Нұрғали, Рымғали. Таудан түскен адам [Текст] / Р. Нұрғали // Егемен Қазақстан. - 2009. - 7 қараша. - Б. 5.

 

Ол туралы:

Алпысбаев, Құныпия. Санадан өшпес зор бейне [Текст] / Қ. Алпысбаев // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 28 мамыр. - Б. 10.

Әбдікұлы, Төлен. Алаш идеясы және Рымғали [Текст] / Т. Әбдікұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 12 ақпан. - Б. 8.

Еспенбетов, Арап. Рымғали Нұрғали [Текст] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2010. - 15 сәуір. - Б. 3.

Еспенбетов, Арап. Ай қанатты арғымақ [Текст] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2010. - 3 маусым. - Б. 10.

Жұртбай, Тұрсын. Арда күрең [Текст] / Т. Жұртбай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 20 наурыз. - Б. 7.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса . - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 296.

Қасымжанұлы, С. Ай қанатты арыс ұл Абралысымен асқақтайды [Текст] / С. Қасымжанұлы // Семей таңы. - 2011. - 16 ақпан. - Б. 3.

Құрманғали, Қуанышбай. Алаштың ардагері [Текст] / Қ. Құрманғали // Айқын. - 2011. - 29 сәуір. - Б. 5.

Оразалы, Сұлтан. Жансерік [Текст] / С. Оразалы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 28 шілде. - Б. 7.

Солтанбекқызы, Қарлығаш. Нартұлға [Текст] / Қ. Солтанбекқызы // Семей таңы. - 2011. - 16 ақпан. - Б. 3.

Солтанбекқызы, Қарлығаш. Ғасыр ғалымы [Текст] / Қ. Солтанбекқызы // Семей таңы. - 2010. - 3 маусым. - Б. 10.

Майтанов, Бақытжан. Тайбурыл [Текст] / Б. Майтанов // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 4-10 ақпан. - Б. 10.

Мәдібай, Қанипаш. Артық туған [Текст] : мәтін / Қ. Мәдібай // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 1-7 маусым. - Б. 11.

Тұрысбек, Рақымжан. Академик Рымғали Нұрғали мұрасы [Мәтін] : (Жоғары білім мен кемел ғылым мәселелері) / Р. Тұрысбек // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №11. - Б. 85-92.

Тұрысбек, Рақымжан. Академик Рымғали Нұрғали мұрасы [Мәтін] : (Жоғары білім мен кемел ғылым мәселелері) / Р. Тұрысбек // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №12. - Б. 65-72.

 

 

 

 

Көп оқылғандар