Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Уахап Қыдырханұлы

Уахап Қыдырханұлы

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Уақап Қыдырханұлы 1933 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Ақарал ауылында дүниеге келген. Кезіндегі Қызыл армияның қыспағынан жер аударылып, 1933-1955 жылдары Шығыс Түркістанда тұрған.

Орта білім алып, гимназияны тамамдаған. Мұғалім, газет тілшісі, Шыңжан Халық радиосында қазақша хабарлар бөлімін ашып, басқарған. 1955 жылы Қазақстанға оралып, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде, қазақ радиосында, «Социалистік Қазақстан»(қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлдім меңгерушісі, «Шалқар» газетінде бас редактор болып қызмет атқарған.   

1960 жылы жас ақындардың «Жырға сапар» жинағында бір топ өлеңдері жарық көрді.   «Ант» повесі, «Жол басы» атты ұжымдық жинаққа енді. «Шаңқай түс», «Таң нұры», «Тасқайнат», «Алтын ай» атты әңгімеповестер жинағының«Сағыныш саздары» атты диаспоралық шежіре кітаптың, бірнеше кітапшалардың авторы. Орыс және түрік халықтары тілдерінен кітаптар аударған. 1991 жылы Құран Кәрімнің түсіндірмелімағыналық тәржімасын жасады. Жалпы Өр Алтай қазақтарының тарих- тағлымдары арқылы тұтас ұлт тағдырын аңғартқан тарихидеректік қос кітабы  «Әттең Алтай», «Марқакөл» деген атпен 2008 жылы жарық көрді. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының үш мәрте иегері. Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Зайсан қаласының Құрметті азаматы.


Қыдырханұлы Уақап шығармалары:

Қыдырханұлы У. Сағыныш саздары [Мәтін] : Эссе, толғау, повесть / Қыдырханұлы У. - Астана : Елорда, 2003. - 224 б.

Қыдырханов, Уахап. Алтын ай [Мәтін] / У. Қыдырханов. - Алматы : Жалын, 1982. - 216 б.


Қыдырханұлы Уахап туралы:

Қабышұлы Ғ. Қарапайым бір қазақ [Мәтін] / Қабышұлы Ғ. // Қазақ әдебиеті. - 2004. -  23 қатар.- Б

Қазақстаным - қарашаңырағым ! [Текст] // Егемен Қазақстан. - 2012.- 12 қазан (№ 667/669). - 6

Зұлфықаров М. Лутфулла [Текст] : Әңгіме / Зұлфықаров М. // Жұлдыз . - 1970. - № 6. -  С. 91-107 б.

Зұлфықаров М. Лутфулла [Текст] : Әңгіме / Зұлфықаров М. // Жұлдыз . - 1970. - № 6. -  С. 91-107 б.



Көп оқылғандар