Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Балтабай Әбдіғазиұлы

Балтабай Әбдіғазиұлы

Рейтинг: 4.500
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Балтабай Әбдіғазиұлы – филология ғылымдарының докторы(2001), профессор(2001), Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының академигі(2009), Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі, «Білім беру саласының құрметті қызметкері»(2009), Семей мемлекеттік педагогикалық университетінің құрметті профессоры(2012).

1952 жылдың 30 тамызында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1974 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

1974-1978 жылдары республика Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, 1978-1987 жылдары республикалық бұқаралық ақпарат құралдары саласында («Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттері, «Жалын» журналы) қызмет атқарады.

1987 жылдан қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қызметте: 1987-1990 жылдары аспирант, 1990-1993 жылдары оқытушы, 1993-1997 жылдары университеттің қазақ филологиясы факультетінің деканы,  1997-2008 жылдары  қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 2008-2013 жылдары  филология факультетінің деканы.  2013 жылдан халықаралық Түркі академиясының ғалым хатшысы.

1990 жылы «Абай дәстүрі және Шәкәрім поэзиясы» деген тақырыпта кандидаттық, 2001 жылы «Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 2001 жылы оған профессор атағы беріледі.

Ұзақ жылдар бойы  филология ғылымы бойынша кандидаттық диссертациялар қорғалатын диссертациялық кеңестің төрағасы ретінде республикада әдебиеттанушы ғалымдар даярлау ісіне үлес қосты. Профессор Б.Әбдіғазиұлының ғылыми жетекшілігімен 11 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды.

Филология ғылымдарының докторы Б. Әбдіғазиұлының қаламынан туған 5 монография, 14 оқулық, 5 оқу құралы, 3 әдістемелік нұсқау, 4 типтік бағдарлама,  200-ден аса ғылыми мақалалары жарық көрді.

Әдебиеттанушы ғалым Б.Әбдіғазиұлының басты зерттеу тақырыбы төл әдебиетіміздің тарихындағы аса көрнекті ақын, ойшыл философ Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы болып келеді.  Шәкәрімнің есімі мен шығармалары идеологиялық құрсауда жабық жатқан кезден бастап осынау қазынамызды түбегейлі зерттеуді қолға алған ғалым бүгінге дейін ол туралы бірнеше іргелі еңбектерді дүниеге әкелді. Шәкәрімнің шығармашылығы туралы тұңғыш рет кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғады.

Профессор Б.Әбдіғазиұлы соңғы жылдары Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университетінде және Вьетнам Социалистік республикасындағы Ханой университетінде Абай  ғылыми-танымдық орталықтарын ашу ісіне ұйтқы болды.

Шығармалары: Шәкәрім Құдайбердиев: Творчестволық өмірбаяны. –Алматы, 1989; Асыл арна. Оқу құралы. -Алматы, 1992; Шәкәрімнің лирикалық шығармалары. Оқу құралы. -Алматы, 1994; ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Типтік оқу бағдарламасы -Алматы,1995,2001,2003,2005; Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік және көркемдік негіздері. Монография. -Алматы, 2000; Талант тұғыры. Монография. -Алматы, 2002; Шәкәрім Құдайбердіұлы. Монографиялық тарау //Қазақ әдебиетінің      қысқаша тарихы. 2-том. -Алматы, 2002; Қазақ әдебиеті (жалпы білім беретін орта мектептің жаратылыстану- математикалық бағытындағы  10 сыныбына арналған) Оқулық. -Алматы, 2002, 2006; Қазақ әдебиеті(жалпы білім  беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы  10-сыныбына арналған) әдістемелік нұсқау. -Алматы, 2003,2006; Қазақ әдебиеті (ұйғыр тілінде жалпы білім беретін орта мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11 сыныбына арналған). Оқулық. -Алматы, 2003,2007; Қазақ әдебиеті (өзбек тілінде жалпы білім беретін орта мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11 сыныбына арналған). Оқулық. -Алматы, 2003, 2007; Қазақ әдебиеті (ұйғыр тілінде жалпы білім беретін орта мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11 сыныбына арналған). Оқулық. -Алматы, 2003, 2007; Қазақ әдебиеті (өзбек тілінде жалпы білім беретін орта мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11 сыныбына арналған). Оқулық. -Алматы, 2003, 2007; Шәкәрім поэзиясының көркемдік қайнары. Оқу құралы. - Қарағанды, 2003; Түркі халықтарының әдебиеті. Типтік бағдарлама. -Алматы, 2003; Ақиқат айнасы. Оқу құралы. –Семей, 2006; Шәкәрім Құдайбердіұлы. Монографиялық тарау// Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6 том. –Алматы, 2006; Нарманбет Орманбетұлы. Монографиялық тарау//Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6 том. –Алматы, 2006; Шәкәрім:дәстүр және көркемдік. Монография. -Семей, 2007; Шәкәрім әлемі. Монография. -Алматы, 2008. Жоғары оқу орындарындағы «Қазақ әдебиеті» пәнінің электронды оқулықтарының мазмұндық жүйесі». -Алматы, 2012.


Көп оқылғандар