Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Төлеуғалиев Бектұр

Төлеуғалиев Бектұр

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Төлеуғалиев Бектұр 1940 жылы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Таушықтағы Шахта орта мектебін 1958 жылы, Атырау  қаласындағы  ауылшаруашылық  техникумының және Москвадағы «Шверник» атындағы  кәсіподақтардың жоғарғы мектебін бітірген.

1962-1995 жылдары   Маңғыстау ауданының кеңшарларында бас инженер, «Куйбышев»  кеңшары партия комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Маңғыстау ауданындағы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы кеңшардың директоры, Маңғыстау облыстық ауылшаруашылығы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істеді. 1995 жылдан бастап Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Республикамыз  тәуелсіздік туын  көтергеннен  кейін  Б.Төлеуғалиев «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті»  газеттерінің Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша тілшісі, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы  өкілі болып қызмет  атқарады. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан  журналистер  одағының мүшесі, Қазақстанның «Құрметті журналисі». Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Шотан батырдың 300 жылдығына «Бас сардар», Махамбет Өтемісұлының  200 жылдғына  «Балдағы алтын ақ болат» тарихи повестері және «Адай тарихы сыр шертеді» атты роман-эссесі жарық көрді.

«Нұр Отан» саяси кеңесінің  «Құрмет грамотасымен»,  «Лениннің 100 жылдығы», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен және Маңғыстау облысының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Маңғыстау ауданының және Ақтау қаласының Құрметті азаматы.

Көп оқылғандар