Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Құлмат Өмірәлиев

Құлмат Өмірәлиев

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Құлмат Өмірәлиев (10.11.1930, Қазығұрт ауданы – 25.5.1985, Алматы)– тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1970).

Шымкенттегі мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген соң (1951) орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

  • 1953 – 57 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтының филология факультетінде;
  • 1957 – 60 жылдары осы институттың қазақ тілі кафедрасының аспирантурасында оқыды;
  • 1960 – 62 жылдары «Қазақстан мектебі» журналының редакциясында бөлім меңгерушісі;
  • 1972 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстан Ғылыми академиясының ауылы Ахмет БАйтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының түріктану және тіл тарихы бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеді;
  • Алматы қаласында Кеңесбаевтың жетекшілігімен «XV – XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Өмірәлиев қазақ тілінің грамматикасы, тіл тарихы, емле, қазақ поэзиясының тілі, көне дәуір ескерткіштері, текстология, этимология, қазақ тілі мен әдебиеті мәселелеріне қоса қоғамтану мәселелеріне де батыл қалам тартқан ғалым. Ол Абайға дейінгі қазақ поэзиясының алыбы Дулат Бабатайұлының бүгінгі таным төріне шығарған зерттеуші. Осы еңбегі ескеріліп Аягөз қаласының бір көшесіне ‘’’Құлмат Өмірәлиев’’’ есімін беру ұйғарылған.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар