Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Нұртас Ахат

Нұртас Ахат

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Нұртас Ахатұлы 1961 жылы 11 қыркүйекте Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: (тіл маманы, заңгер). Әдебиеттанушы-ғалым. 1996 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа кабинетінен «Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері» атты мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқауы, ал 2001 жылы «Орынбай ақынның әдеби мұрасы» атты монографиясы жеке кітап болып жарық көрді. Есімі бүгінде елімізге танымал, талантты ақын Алмас Темірбай туралы жазған «Алаштың Алмас ақыны» атты монографиясы автордың үшінші кітабы. 2014 жылы «Қазақтың ары» атты кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. 2000 жылдан бері «ҚР білім беру ісінің үздігі», 2007 жылы бері «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері». ҚР «Құрмет» орденінің иегері. Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогика колледжінің директоры. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.


Көп оқылғандар