Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Жарасбай Сүлейменов

Жарасбай Сүлейменов

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Жарасбай Сүлейменов 1949 жылы 9 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын (бұрынғы Сергеев) ауданына қарасты Балуан ауылында туған. 1966 жылы Петропавл қаласындағы № 2 мектеп–интернатты аяқтағаннан кейін еңбек жолын ауылында шопандықтан бастаған. Кейін қысқа мерзімді курсты тамамдап, тракторшы болған. 1969–1971 жылдар аралығында әскер қатарында борышын өтеген. Әскерден оралғаннан кейін «Ленин туы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») газетіне қызметке орналасқан. 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық радиосы бас редакторының орынбасары, директоры болып, біраз уақыт қазақ радиосының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болған. 2001–2003 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы директорының орынбасары болып қызмет істеген. 2003 жылдан бері облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің Бас редакторы қызметін атқарған. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Шығармалары негізінен шытырман оқиғаларға құрылған хикаяттар мен әңгімелер. «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Жалын», «Жаңа Сарыарқа» журналдарында жарияланған. «Мағжан» атты Мағжан Жұмабаевтың таңдамалы еңбектері мен әдеби зерттеулерінің қазақ тілі мен орыс тіліндегі жинақтарының (2006), «Иван Шухов» атты естеліктер кітабының құрастырушысы. «Көмескі із» атты хикаят пен әңгімелер жинағының, «Еменнің иір бұтағы», «Сөнбейтін шырақ», «Дала-бесік» атты кітаптардың авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» медалімен және Екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған. Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағы берілген.

Көп оқылғандар