Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Нәсіреддин Серәлиев

Нәсіреддин Серәлиев

Рейтинг: 3.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Нәсіреддин Серәлиев (1930–1984) 25 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Қашқансу деген жерде туған.

Қызылорда педагогика училищесін, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетін бітірген.

1952–1958 жж. облыстық «Ленин жолы» газетінде, кейін «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істеген.

1962–1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде кеңесші, ал 1968 жылдан осы бөлімшенің жауапты хатшысы болған.

Жазушының аударуында И.Котляровскийдің, А.Гайдардың, С.Баруздиннің шығармалары қазақ оқырмандарына кітап боп ұсынылды.

«Еңлікгүл» көркем фильмі сценарийінің авторы.

КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Ұшталмаған қарындаш. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Намыс. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Ақ лақ пен қара лақ. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1961; Әңгелек. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1964; Ақбөпе. Повестер. А., «Жазушы», 1966; Ақ қайың. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Ыстық күлше. Повестер. А., «Жазушы», 1969; Қаңтар. Повестер. А., «Жазушы», 1971; Алтын ғұмыр, алғашқы махаббат. Таңдамалы шығармалар. А., «Жазушы», 1975; Дәукен атайдың немерелері. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1978.
 

Көп оқылғандар