Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Аманқос Ершуов

Аманқос Ершуов

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

 

Ершуов Аманқос 1943 жылы 18 тамызда Атырау облысы, Ембі (Жылыой) ауданы «Коммунизм таңы» совхозында (Ақкиізтоғай ауылы) дүниеге келген. 
 
1966 жылы Гурьев педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін бітірген. 
 
1966–1967 жж. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде әдебиқызметкер болған. 
 
1967 жылдан бастап өз ауылындағы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 
 
1970–1980 жж. интернат директоры болып қызмет жасаған. Өлеңдері «Жас керуен», «Алтын тау», «Көңілді тоқсан», «Жолдас комсомол», «Революция жырлары», «Өмір өрнегі», «Бір нәзік сәуле», «Сенің өмірің – сиқырлы әлем» жинақтарына енген. Жылыой ауданының Құрметті азаматы. «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 
 
1994 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын алған. Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жабық конкурсының 2 мәрте лауреаты болған.
 
Шығармалары: Көкжиегім – келешегім. «Жалын», 1974; Шопан баласы. «Жалын», 1978; Жылқышының ұлы.»Жалын», 1983; Алтын босаға. «Жазушы», 1982; Шұғылалы шақтар. «Жазушы», 1988; Пір Бекет пен Жыр Зекет. «Ақ Жайық», 2000; Оғыланды. «Ақ Жайық», 2000; Бабам мен Атамның жолы бақытқа бастаған жол. «Өлке», 2002; Таңдамалы. «Өлке», 2000; Аманқос. «Арыс», 2003; «Махаббат мәңгілік», «Жаралы жылдар», «Асалы мен Көкетай» драмалары бар.

 

Көп оқылғандар