Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Нәби Бөрекешев

Нәби Бөрекешев

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Нәби Бөрекешев  (1926–1985) - 13 қыркүйекте Ақтөбе облысының қазіргі Байғанин ауданында туған. 

 
1955 жылы Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің журналистика факультетін, 1964 жылы Қарақалпақтың Т.Г.Шевченко атындағы педагогика институтының тарих факультетін бітірген. Қарақалпақстанда 1956–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас», «Совет Қарақалпақстаны» газеттерінде әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, «Қарақалпақстан» баспасы бас редакторының орынбасары, Қарақалпақ телевизиясының аға редакторы болып істеген. 
 
1970 жылы Алматыға көшіп келіп, Қазақ КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Қазақстан» баспасының ғылыми көпшілік әдебиеттер редакциясының меңгерушісі болып істеген. 
 
1957 жылы очерктері мен әңгімелері өз алдына жеке кітап боп шыққан. Алғашқы өлеңдер жинағы, «Кек жалыны» романының бірінші кітабы жарық көрді. Өзбектің белгілі жазушысы А.Мұхтардың балаларға арналған «Ашыған сүт» деген кітапшасын, өзбек ақындары С.Акбари мен Х.Шәріповтың көптеген өлеңдерін, Қ.Бекхожиннің «Дала комиссары» поэмасынан үзіндіні қарақалпақ тіліне аударған.
 
Шығармалары: Өмір сақшысы. Очерктер. Н., «Қарақалпақстан», 1957; Тағдырға табынбаған. Өлеңдер және поэма. Н., «Қарақалпақстан», 1961; Кек жалыны. Роман. Н., «Қарақалпақстан», 1967.
 

 

Көп оқылғандар