Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Таупық Рымжанов

Таупық Рымжанов

Рейтинг: 4.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Таупық Рымжанов - 1937 жылы 21 шілдеде қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абыралы ауданының Дегелең ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Аягөз, Жаңасемей аудандарындағы орта мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болған. 1976 жылдан Петропавловка селосындағы орта мектепте ұстаз. «Өткелдер» атты тұңғыш әңгімесі 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетінде жарық көрді. Балалар әдебиеті саласында қалам тартып келеді. Бородулиха ауданының Құрметті азаматы. Таупық Рымжанов аңызға бергісіз оқиғаларды ұшқыр қиялымен жаулай отырып, оқырманға әсерлі әңгімелеудің шебері. Қаламгер көтерген тақырыптар сан алуан, оқиғалары да әр қилы. Ертегі-хикаят жанрын жаңғыртуды басты ұстанымына айналдырған оның тынымсыз ізденісінің арқасында талай құнды шығармалары жарық көрді. 2011 жылғы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында жерлес ұстаз, жазушы Рымжанов Таупықтың «Ертегілер хикаяттары» атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Жазушының «Жалықпас шежіресі», «Аруг гүн немесе арғын тайпасының тарихы туралы», «Өлместің жұлдызы», «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі», тағы да басқа кітаптары бар. Ол Қазақстан  Жазушылар Одағының балалар әдебиеті саласында өткізген халықаралық «Дарабоз» байқауының 2008, 2009 жылдары арнайы ынталандыру жүлдесіне ие болды.

Шығармалары: Құбажон. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1984; Зәйтүнқарлығаштың ерлігі. Ертегі-повесть. А., «Жалын», 1984; Өлместің жұлдызы. Ертегі-повесть. А., «Өнер», 1994; Алтын ара. Ертегі-повесть (дилогия). А., «Балауса», 1995; Жалықпас шежіресі. (Ядролық полигонға айналған Дегелең жеріндегі байырғы тұрғындардың шежіресі.) А., «Әл-Фараби», 1997; Гүл ағашы. Ертегі-повесть. Астана, «Көкше», 1999; Қарабек, Жәки-Жамал және шайтандар. Ертегі, повесть. 2003.

Көп оқылғандар