Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Ақұштап Бақтыгереева

Ақұштап Бақтыгереева

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін бітірген (1966). 1966–1971 жж. Орал облыстық «Орал өңірі», Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, 1971–1972 жж. «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972–1975 жж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975–1981 жж. «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры. Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. «Наз» (1969), «Қанышым – іңкәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность» атты жинағы жарық көрген. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2008).

 

 

 

 

Көп оқылғандар