Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Құттырбек Баяндин

Құттырбек Баяндин

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Құттырбек Баяндин (1937–2004) - 17 шілдеде Алматы облысы, Үйгентас ауданы, Қоғалы ауылында туған. Жыланды орта мектебін бітіргеннен кейін (1957) біраз уақыт колхозда, құрылыс ұйымдарында қара жұмыс істейді.

1966 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тамамдап, Семей, Талдықорған облыстарының «Семей таңы», «Октябрь туы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметтерін атқарған. Сол тұста жазған «Жолың болсын, Жұлдыз», «Жаңғырық», «Күткен күн», «Кімсің сен?» атты драмалық шығармалары облыстық театр сахнасында қойылды.

1982 жылдан бастап «Қайнар», «Жалын», «Балауса», «Рауан» баспаларында редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және сауда істері жөніндегі мемлекеттік баспасөз комитетінде бөлім бастығы болған. Э.Успенскийдің «Қолтырауын Гена және басқалар» атты әңгімелер жинағын қазақ тіліне аударған.

Нұрмолда Алдабергеновтің ғұмыры мен қызметі жайлы «Нар тұлға» атты деректі романы «Рауан» баспасынан (1996), «Ғылым тарланы» атты жаңа деректі романы «Білім» баспасынан (2001) жарық көрді.

Көп оқылғандар