Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Қансейіт Әбдезұлы

Қансейіт Әбдезұлы

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Қансейіт Әбдезұлы 1953 жылы 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. 

1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, аспирантурасын, докторантурасын аяқтаған. Ұстаздық еңбек жолын осы университетте оқытушылық қызметтен бастап, кейін ҚР Ғылым және білім министрлігінің жоғары білім беру басқармасында бөлім бастығы, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогтік институтында доцент, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы қызметтерін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде оқуәдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды. 

 

 

 

Жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі. Қазір әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының професоры. 
 
2006 жылдан университеттегі әдебиеттану ғылымы саласы бойынша докторлық Диссертациялық кеңестің төрағасы. Қазақ әдебиетінің тарихына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Т.Әлімқұлов шығармашылығы жайында «Ел мен жер» атты тұңғыш зерттеу еңбегін жариялады.
 
1995 жылы «Рауан» баспасынан «Кейіпкер және тартыс», 2000 жылы «Санат» баспасынан «Т.Әлімқұлов және қазақ прозасы», 2001 жылы «Ғылым» баспасынан «Т.Әлімқұлов және 60–80 жж. қазақ әдебиеті» атты кітаптары, 2002–2003 жж. «Қазақ университеті» баспасынан «Әдебиет және өнер» атты зерттеуі, «Жазушы және заман шындығы» атты сын мақалалар жинағы, 2004–2008 жылдары «Қазығұрт» баспасынан «Тарих және тағдыр» атты кітабы, «Арыс» баспасынан «Т.Әлімқұлов және қазақ прозасы» атты зерттеуі, «Қазығұрт» баспасынан «Таным көкжиегі» атты публицистикалық және сын мақалаларының таңдамалысы жарық көрді. 2006 жылы Ресей Ғылым Академиясының әдебиеттану ғылымы саласындағы М.Шолохов атындағы Алтын медалінің иегері, 2008 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атағын иеленді. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының Құрметті азаматы.
 

 

 

 

 

 

 

Көп оқылғандар