Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Бекен Әбдіразақов

Бекен Әбдіразақов

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Бекен Әбдіразақов (1936–2002) - 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында туған. 1959 жылы ҚазМУдің журналистика бөлімін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Жетісу» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» баспасында қызмет еткен.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1963 жылы жарық көрген. Отыз шақты жыр кітабы шыққан. «Сағыныш», «Күн толқыны» (1965), «Жігіт дәурен», (1967), Таңдамалы (1976), «Жырлайды жүрек», «Көгілдір кеш», «Өмір мен көңіл» (1993), т.б. Аударма саласында өзбек, қырғыз, түрікмен әдебиетінің шығармаларынан жасаған тәржімалары мол орын алады. Ол сондайақ М.Лермонтов, С.Нова, К.Чуковский өлеңдерін қазақшалаған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.


Көп оқылғандар