Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Әбілқасымұлы Сейтқан

Әбілқасымұлы Сейтқан

Рейтинг: 4.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Әбілқасымұлы  Сейтқан (1926–1999) - 18 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданы, Топтерек ауылында дүниеге келген. 

 

1934 жылы мектеп табалдырығын аттаған талапты жас 1938 жылы, әкесі Үрімші түрмесіне қамалғаннан кейін, оқудан қол үзіп, еңбекке араласты. 
 
1944–1945 жж. Шығыс Түркістандағы ұлтазаттық көтеріліске қатысты. 
 
1947 жылы Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы. 
 
1948–1954 жж. Шыңжаң халық демократиялық одағының Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары болып істейді. 
 
1954–1957 жж. Қытай коммунистік партиясы Алтай аймақтық комитетінің үгітнасихат бөлімінің меңгерушісі. 
 
1958–1964 жж. «Алтай» газетінің Бас редакторы болды. Мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түседі. 
 
1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Монғолияға өтеді. Қаламгердің үш роман, төрт повесть, екі өлеңдер жинағы монғол, қазақ тілдерінде кітап болып басылып шығады. 
 
1981 жылы «Жазушы» баспасынан «Қара боран» романы жарық көрді. 
 
1993 жылы атамекеніне оралған жазушының қаламынан «Оспан батыр», «Бір уыс қан» атты шығармалар туындады.
 
Қайнар қөз: http://www.writers.kz

 

 

 

 

 

 

Көп оқылғандар