Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Хизмет Абдуллин

Хизмет Абдуллин

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Хизмет Абдуллин  (1925–1986) - 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған. Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951–1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді.

Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды.
«Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды.

Шығармалары: Гүлстан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1952; Һекаялар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Анайәт. Тарихи поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; Давутжан. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Муһәббәт вә һәсрет. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Турпаң тәвәсидә. Роман. А., «Жазушы», 1968; Тағдыр. Роман. А., «Жазушы», 1970; Бархандар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Екі томдық Таңдамалы шығармалары А., «Жазушы», 1983–1984.


Көп оқылғандар