Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Кемпірбай Бөгембайұлы

Кемпірбай Бөгембайұлы

Рейтинг: 4.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Кемпірбай Бөгембайұлы (1834, Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., - 1895, Семей қ-сы) -ақын. Суырып салма ақындығымен, әрі әншілігімен аты шыққан. Халқының мол мұра-сынан сусындап өскен ол ақындық өнерді дамытуға, байытуға кең ауқымды үлкес қосқан. Шөже, Тезекбай, Жәмішбай, Әсет ақындармен айтысқан. Оның шығармаларының ішіндегі айрықша маңызды туындыларының бірі – Әсетпен бақұлдасуы. Толғау ақындық өнерді дәріптейтін бейнелі, өнегелі, өткір сөздерден тұрады. Ақын өзі туралы "мен шапсам жер танабы қуырылған" деп жырлайды. Ол бейнелеп, тұспалдап айтуға да шебер. Әл үстінде жатқан өнерпаз өзінің бойындағы ақындық дарынын өзін біржолата тастап ұшқалы тұрған көкала үйрекке ұқсатады. Кемпірбай Шөжемен 20 жасында Қарқаралыда Жаныстың Сәттібайының асында айтысқан. Бірден суырып шыққан Кемпірбай өлең алысын аңдаған Шөже алғашында айтысудан бас тартады. Кемпірбай болмаған соң ғана сайысқа түсіп, әртүрлі дінге қатысты сұраулар беріп, өзінің көп жылғы тәжірибесінің арқасында ғана жеңіске жетеді. Ақын шығармалары "Таң" журналында (1925, N1), С. Сейфуллин құрастырған "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" жинағында (1931), сондай-ақ халық ақындарының жинақтарында (1939, 1948, 1965) басылды.


Көп оқылғандар