Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Әбішев Қажымұрат

Әбішев Қажымұрат

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Әбішев Қажымұрат (15.12.1931 жылы туған, Сырдария ауданы, 1 Май ауылы) – ғалым, философия ғылыми докторы (1985), профессор (1987). 1951 жылы Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. 1951 – 52 жылы Қызылорда қаласындағы мектепте мұғалім, 1952 – 55 жылы Қаз ҰУ-дың аспиранты, 1955 – 56 жылы Атырау қалалық партия комитеттінде лектор, 1956 – 59 жылы Қызылорда облысы атқару комитеттінде инструктор, 1959 – 71 жылы Атырау, Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, 1971 – 74 жылы Қаз ҰУ-де аға оқытушы. 1974 – 83 Қазақстан Республикасы министрлігінде аға ғылыми қызметкер. 1983 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі. Философия және саясаттану институтында бөлім меңгерушісі. Ғылыми еңбектерінің бағыты – диалектикалық логика тақырыбына арналған. 180-нен астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы

Қайнар көз: Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Көп оқылғандар