Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Бағыбек Құндақбайұлы

Бағыбек Құндақбайұлы

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Бағыбек Құндақбайұлы 1926 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе қыстағында туған.1955 жылы Ташкенттің А.Н.Островский атындағы театр-көркемсурет институтының театртану факультетін бітірген. 

1955 —1956 жылдары Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1956—1958 жылдары Жамбыл қаласындағы республикалық мәдени-ағарту училищесінде өнер тарихының оқытушысы болған. 

1958 жылдан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етіп келеді. Қазір осы институттың бөлім меңгерушісі. Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасын (1963) бітірген. Өнертану ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ресей жаратылыстану академиясының «Евразия зерттеу» бөлімшесінің академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. М.Кәрімнің «Айгүл елінде», Б.Жәкиевтің «Ертең жаңа жыл», «Бәрі де ойыннан шықты», И.Экренің «Сау басыма — сақина», «Майор Тоот және басқалар», Лев Устиновтың «Таза жүрек» пьесаларын қазақ тіліне аударған. Қазақша, орысша мәдениет пен өнер терминологиялық сөздігінің жетекшісі әрі авторларының бірі. ІІІ томдық «Қазақ өнерінің тарихы», монографиясының театр бөлімін жазған.

Көп оқылғандар