Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Әбдімәлік Нысанбаев

Әбдімәлік Нысанбаев

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Әбдімәлік Нысанбаев (1.5.1937 жылы туған, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қарауылтөбе ауылы) – ғалым, философия ғылым докторы (1977), профессор (1980) ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1994), Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995). Қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (1960). 

1960 – 61 жылы КСРО ҒА-ның Химия ғылымдары институтында аға лаборант, 1961 – 76 жылы Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және методологиясы бөлімінің меңгерушісі. 

1990 жылдан Философия және құқық институтының (қазіргі Философия және саясаттану институты) директоры. Сонымен қатар 1997 – 2003 жылы “Қазақ энциклопедиясы” баспасының Бас редакторы қызметін қоса атқарды. Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеум. және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады. 

Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген. Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстанның (1984) және Түркияның (1999) Мемл. сыйлықтарын, ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын алған (1998), “Отан”, “Парасат” (2004) ордендері (1998) мен бірнеше медальдармен марапатталған. 2005 жылы “Философ Нысанбаев” атты деректі фильм жарық көрді.

Көп оқылғандар