Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Нұрмахан Оразбек

Нұрмахан Оразбек

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Нұрмахан Оразбек (1.12. 1937 ж.туылған, Түркістан ауданы Қандөз ауылы ) – журналист, жазушы, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). Шорнақ ауылындағы орта мектепті бітірген соң. 

1955 – 57 ж. Алматы облысындағы «Іле» кеңшарында, Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатында жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімшесін бітірген (1962). 

1962 – 73 ж. Қарағанды облысының Жезді аудандық «Октябрь туы», Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аудандық «Коммунистік еңбек» газеттерінде, «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас Алашта»), Қазақстан Жастар одағының Орталық Комитетінде, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, Партия тарихы институтында әр түрлі қызметтер атқарды. 

1974 ж. Қазақ ақпарат агенттігіне (ҚазТАГ) бас редактор, 1982 ж. директордың орынбасары болып тағайындалды. 

1988 – 91 ж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, Баспасөз мин-нің мерзімді баспасөз бас басқармасының бастығы, ағылшын тілінде шыққан республикалық. «Қазақстан» газетінің бас редакторы болды, 1995 жылдан «Қазақстан» баспасының директоры, сонымен бір мезгілде 2000 – 02 ж. республикалық. «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазір «Қазақстан» баспа үйі» мойынсерігінің директоры. «Құрмет» орденімен (2001), үш медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған. «Қарсыбай Сыпатаев», «Құрбанбай Ырысбеков», «Капитал қамалындағы 18 күн», «Қасиеттісің, сен Отан!», «Қағажу көрген өмірден», «Бар айласы – бас пайдасы», «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы», «Шапық Шөкин» атты кітаптары жарық көрген. Атақты Оксфорд университетінің «Саясаттану», «Әлеуметтану» түсіндірме сөздіктерін түпнұсқадан аударған.

Көп оқылғандар